Аш қалды, дәм татпады. ~ “Күздің ұзақ түні мынау. Қазір алған малмен соқтырып жүріп кетсем, таң атқанша ұзап кетем. Осы жауын ізімді де шаяды. Түк алмай қайтпақпын ба? Қаңғырып жүріп, қадалған жерден нәр сызбай кеткенім бе?” – деді. М.Әу. ~ К.Сег. * Ол кешеден бері нәр сызбағанын да ұмытып, биік шоқының басына ентікпей, жіті басып жеткен. К.Сег. ~ Таң атқалы нәр сызбағаны онсызда белгілі. Құйрық басуға шама қайда, күн қыза балықтың қарасы көбейе түсті білем. Қ.Жиен. ~ Ойбай, Бәкесi, ол не дегенiңiз. Мiне — иман, мiне — жан. Нәр сызбағаныма бiр күн болды. Тiсiме бiр шүрегей тисе, арам қатайын. М.Қан. ~ Екі әжемнің де сүреңі жоқ. Ал Мұратқан әлсіз дауыспен: «Ауырғам жоқ, аштық, апа, аштық қой… – дей берді. – Міне, жеті күннен бері, қара судан басқа нәр сызғам жоқ…» М.Мағ.
