Әлдебір жоспар құрып, соған ұмтылды; көңілі, ықыласы ауды. ~ Таң жарығы ұлғайып, үй іші қаракөлеңке жарыққа бет түзеді. Нағима «сахарын» ішіп, жиып, кешке шейін ораза екендігіне ниет етіп бетін сипады. Б.Майл.~ – Мейлі, күнім, мазаңды алмай- ақ қояйын… Бірақ, кесені мына жерге қойдым, ниет етсең ішерсің… Ә.Асқ. ~ Міне осындаймын, бірдеңені шындап ниет етсем, қашан соны бір жайлы етіп тындырмай, еш тыншымаймын. Б.Соқп.
НИЕТ ҚЫЛДЫ
Мақсат тұтты, әлдебір іске бет бұрды. * Бір тамса да, соған тамсын деп, Тұяқ бір шеге
қақса да: «Илаһи ниет қылдым Күнікейдің қалың малын өтемекке…» – деп қағып, тапқан- таянғанын тамызықтап төлей берді, төлей берді. Ж.Айм. * Еті тірі Әсембай дейтін бетке шығары қазақ оқығандарымен танысып, земстуодан пұл алып, енді ауылын ағартуды ниет қылады екен. Ж.Айм. * Арыстан. Сөйлеме олай, сірә да. Қай қазақ ұлы теңім еді? Тайталаста кім жеңіп еді Шектіні!.. Білесің ғой бет берсем, ниет қылсам, ойып түсем ортасын! Қайтады оның, мен келгесін шегінеді былай!.. М.Әу. ~ Қазір сол жерде-ақ зорлыққа көнбей, қашуды ниет қылды. Осы ниетті жаңа ойланып, бекініп болған орайда шабармандар “Осылай тұр!” деп, болысқа тігілген үйге таман кісен іздеп жөнелісті. М.Әу. * – Әй, Найзабай, бұ қай желіккенің? Аппаққыздың жылын беріп болғасын-ақ ниет қылсаң қайтеді. Естіген жұрт к…н ашып күлмей ме, – деген Перне. Қ.Найм. ~ Халқын надандық шырмауынан, бодандық бұғауынан азат етуге ниет қылған Абай адаммен де, заманмен да арпалысып бақты. М.Парх.
