Ізгіліктен, адами оң қасиеттерден айрыла бастады. ~ Бүйірден келіп қосылған бөтен семьяға Бүбісараның қитығуы қыс түсіп, ел ниеті тарыла бастаған кезден бері өршіп кетті. Ә.Тар. ~ – Үйсе көп, үлессе азғантай дүние ғой. Үй басына шаққанда, төрт тоғызы бес қарадан келмейді. Таңсыққожа Әліқұл тұқымы жиырма шаңырақтан асқанын еске алып отыр. — Тек пенденің ниеті тарылмасын, – дегенді қосып қойды. З.Шүк.
