Posted in

НОҚТА ТҮСТІ (БАСТЫ)

Екіқабат әйелдің бетінде пайда болатын күрең түсті сызықша таңба, ноқат туралы. * Дәмежанның айтуынша: көздері шүңірейіп, иек-мұрны шошая береді. Көзінің айналасына, “өлім таңбасы” дейді, бір көкшіл ноқта түседі. Жәбікен әйелімен
екеуі осы қалада жұрт аузына жиналған сөзді сұқтанып, шошынып айтысады. М.Әу. * — Сенде әлі әжім аз… Әй! Әй, Қатира! Ойпырмай, бетіңе ноқта түскен бе?! С.См. * «Ойбай-ау, әлгі Ақтоқты келіпті», «Өңі жүдеу көрінеді, мұрнының үстіне ноқта түсіпті», «Өзінің іші көрінбейді, бәтір-ау», «Бірінші балада көбінше солай болады. Әлі тар құрсақ емес пе», «Мүмкін түсік тастаған шығар» … С.Жүн. * Бірақ Сәбираның көңілі, оның сөзін тыңдайтындай емес, мүлдем басқа жақта еді. Қап- қара ала боп ноқта басқан жүзі күреңітіп, қалың ойға берілген. С.Мұр.

  1. Басы байланды, біреуге кіріптар болды. ~ — Жымиып қайда барар дейсің, басына ноқта түсер алдындағы соңғы бұлқынысы да, — деп прокурор Тәшен сендіре айтты. С.Шайм. ~ Бірақ не керек, дала жасының дәурені қырдың бір сәскелік келте көктеміндей тым шолақ. Қыз байғұсты бетінің қызылы енді-енді көрініп келе жатқанда ұзатып жібереді, жігіттің иегі түбіттенбей жатып басына ноқта түседі. Ә.Кек. ~ Ұрлық жасау, оның үстіне, жылқы алу екінің бірінің қолынан келе
    бермейді. Жүрек керек, жүрек. Сол біздің машығымызға да ноқта түсті-ау деймін. Бұл өңірден кетем деп отырғаным сондықтан. К.Қаз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *