Әскерін, күзетшілерін алып жүрді. ~ Алаң көңілін бірдеңеге аударғысы келіп бақ кезеді, нөкер ертіп қала аралайды, жер асты жолдармен қорғанға көтеріледі. Ә.Кек. ~ Көш алдында Тәкежан, Әзімбай, Майбасар бар-ды. Қастарына он шақты ер-азамат, нөкер ертіпті. Қалың көптің қонатын орнына кеп, топтанып тұр. М.Әу. ~ Ноғайқұл кілең көк мылтықты нөкер ертіп, Әріптің аулына барып қайтты. Т.Әл.
- Қасына тілеулес адамдарын, жолдас-жорандарын қосып алды. ~ Сараның даңқын да Қоянды жәрмеңкесінде есітіп біліп келіп, қасына елден таңдап бір топ нөкер ертіп Сарамен айтысып жеңіп қайтыпты, Қасына ергендердің ішінде ағасы Нұржанның баласы Ахметжан, Атығай, Тоқабай дегендер болса керек. Е.Ысм. ~ Сот шақырған мезгілде Халиолла келсе Жұмәділ көп нөкер ертіп қыздың бетін жауып отыр екен. Әрх. Ысқ. ~ Не үшiн шақыртқанын қайдан бiлейiн? Әйтеуiр, «Жанына нөкер ертпей жалғыз келiп– қайтсын» дептi. К.Сег. ~ Әрине бедеу мінгізіп, бүлде кигізіп, нөкер ертем десе, қызды ауылдың сыртында түн күзетіп, торғын шапан жамылған бұлықсыған бойжеткенді оңаша құшам десе, әке дәулеті жетер де еді. С.См.
