Posted in

НЫСПЫ (ДА) (НЫСПЫСЫМЕН) ЖОҚ

Ізі де жоқ. ~ Күліп отыр, әзіл етіп отыр-ау деуге тіпті он екіде бір нұсқасы ұқсамайды. Жүзінде күлкінің ныспысы да жоқ. Шынның шыны… М.Әу. ~ Сонымен не керек, сол күннен бастап қашудың жабдығына кірістім. Киім алу үшін ақша керек, ал менде ныспы жоқ. Ә.Әб. ~ Бар малы – астындағы жалғыз аты. Дүние-мүлік деген тіпті ныспысымен жоқ. І.Ес. ~ − Білем… балаларға ертеңге үйде ныспы түк жоқ еді, жұмысқа кетерде соларға қуырып беріп кетсем деп ем… С.Мұр. ~ Күліп отыр, әзіл етіп отыр-ау деуге тіпті он екіде бір нұсқасы ұқсамайды. Жүзінде күлкінің ныспысы да жоқ. Шынның шыны… Т.Әл.

НЫСПЫНДА ЖОҚ

~ Бадырақ көз, сен тимесең мен тимен тәрізді бейбіт мінез оның ныспында жоқ. Мына суреттерді Шыңғысханға көрсетсе бірден түсінер еді». М.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *