Posted in

О НЕ ДЕГЕНІҢ

Біреудің айтқанымен келіспеу, қарсы дау айту мағынасыда қолданылады. ~ Жұпар. Ойбай-ау, о не дегенің. Теңі болмаса жолай ма бұл заманда. Біз сорлы ғой баяғы, үйіне келгеншe күйеуіміздің жүзін анықтап та көргеніміз жоқ. Қ.Мұх. ~ — Қой, Ботабек, о не дегенің. — Ол әуелі шошын қалып артынан жұмсарды. — Ботабек, сен ұрсуға келдің бе? Н.Сер. ~ — О не дегеніңіз, Николай Васильевич, о не дегеніңіз, қымбаттым, тұрудың керегі не!. Ұстаздығың үшін, қызметің үшін көп рақмет саған, Николай Васильевич! Рақмет саған, қымбаттым! Ә.Нұрш. ~ – О не дегеніңіз, қымбатты Ватсон, әбден қанағаттандым. Әйткенмен, Стэнли Хопкинсті мақтауға аузым бармай түр. А.К-Дойл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *