Шынын айтқанда д.м. ~ Екеуі үйленерде шешесі тіккен құрақ көрпеше, обалы не керек, бұларға күндіз де қызметін аямады… Т.Нұрм. * Обалы не керек, таңертең су жылытып, орамалды жаңалап іліп еді, Елтайға шын көңілмен иіп, шеше болғысы келді. М.Қаб. ~ Бастығы Сұржекейге айтып, Шегені үйтіп жеймін десе қолында. Бірақ, обалы не керек, Қозбағар ондайға бармады. С.Ел. * Обалы не керек, бұлар, яғни, Елтайлар еңбек, оқу, қоғамдық жұмыстар дегенде апырып-жапырып жіберетін алымды-ақ, оқ бойы озық. М.Қаб. * Жұрт баста ұнатпай қарады. “Құлқыны үшін жүр”,— деушілер де болды. Бірақ сол жүрісінде Бекберген қыл шайнап, дән жұтқан жоқ, обалы неге керек, ол дүниеге кетті ғой, мақтағаным емес, шыныңның өзі осы. Б.Майл.
