Іштей ой қорытып, ақылға салды. ~ Сен соңына дейін шыдап оқып ал. Оқып болғасын ғана, кім кінәлі, кім кінәсіз екенін ойлап, ой таразысына аларсың… “Арпалыспен…” ~ Дмитрий оған міз бақпай тесірейе қарап үнсіз тыңдады, әйтсе де, оның бәрін ұтып, фактіні түгелдей ой таразысына салып үлгіргені Алешаға айқын еді. Ф.Дост.
ОЙ ТАРАЗАСЫНАН ӨТКІЗДІ
Ақылға салып, қорытты. * Баяғының «күнім өтіп барады» деп зар еңіреп жылайтын заржақ шалдары – осының бәрі-бәрін ой таразысынан өткізіп, арғы дүние мен бергі дүниені сабақтастыра, күннен бұрын бағамдаған-ау; тіпті, олардың өмірін қызыға, қызғана еске түсіруге болар. О.Бөк. ~ Капитан Немо менің сөйтетінімді ой таразысынан өткізіп, кесіп-пішіп, біліп қойған, енді ол, менің қиялға ғана беріліп, бір олай бір бұлай ауытқып тұрғанымды тамашалап тұр. Ж.Верн.
