Posted in

ОЙ ТОЛҒАДЫ

Тебіренді, толғанды, өзін толқытқан ойларын ортаға салды. * Беті-қолын сүртіп тұрып, қария хақында ой толғады. М.Қаб. * Наубай Алпысбаевич осылайша ой толғап болды да, бізге қарап: – Ал, ағалар, бұған не дейсіздер? Ғалымсыздар, пікір айтыңыздар, – деді, шалқия отырып. Ғ.Қаб. ~ Әр үшінші күн сайын үлестірген хаттарының ішінен ылғи «қарасын» тізіп ап, сол төңіректе ой толғайды, қайғырады, өкінеді. Ж.Нәж. ~ Десе де, коммунистердің Шынжаңды иелеуінен Оспанның демі үзілерге дейінгі соңғы өмірі жайындағы жұмбақ сырларға үңіліп, осы мәселелер төңірегінде аз да болса ой толғауды жөн көріп отырмыз. Ж.Шәк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *