Posted in

ОЙ ТҮКПІРІНДЕ

Ой, сана түбінде. ~ Құбақан аттың пысқырғаны Хамитке жақпай келеді. “Ат қиналарда, бір тықыр таянғанда пысқырушы еді!” деген сезім Хамиттің ақырын ғана ой түкпірінде қозғалады… С.Сей. ~ Осының бәрін бәйбіше шүберекке түйіп, өзінің сұмдық жинайтын ой түкпіріне тыға берген. І.Жан. ~ Ол мақтаныш белгісі әзірше әке жүзінде де жоқ, шеше жүзінде де жоқ, қыз жүзінде де жоқ. Есенейдің ой түкпірінде ғана бар, күле жүріп күндей жүретін ағайын дейтін адамдарда ғана бар. Ғ.Мүс. ~ Ой түкпірінде бұған біраз шәгі болса да Уәлидің сөзіне сене бергісі келеді. Ондай жақсы жігіт бекер айтпайды ғой. Т.Ахт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *