Ойын толық тиянақтай алмады, өресі жетпеді. * Тұңғиық терең ой Үнияның басын тауға да, тасқа да соқты. Бірақ ол ой ұшығына жете алмады. Ә.Шәр. * – Шіркін-ай,– деп өкінеді, – Ертай ой ұшығына жете алмай қасірет құшағында отырып … Е.Мұх. * Бүгін операцияға жатқызамыз дегендерін естіген. «Басқа да пышақ салып жаза ма екен?..» деп Айкүміс осында келгелі ой ұшығына жете алмай жүр. Ғ.Слан. ~ Ол сонда да бай, бүгін, жеткілікті… Айранбай көп ойланды, ой ұшығына шыға алмағанмен де өзінше істеген қорытындысы «кедей еңбегін бай жеген, инспектор сөзі рас…» Б.Майл.
ОЙ ҰШЫНА ЖЕТЕ (ШЫҒА) АЛМАДЫ
Ойын тиянақтай алмады, нақты бір тұжырымға келе алмады.. * Тек жалғыз мен ғанамын ба Ақан өлімін халық құрбаны санайтын?.. Бүркіт ой ұшына жете алмады, Әкпар бөліп кетті … І.Ес. ~ Осылайша ой ұшына жете алмай дал болған күйде ол киіз үйге беттеді. Ә.Әл. * Сыздық отыр ой ұшына шыға алмай, Кім екенін, не болғанын ұға алмай. М.Жұм
