Posted in

ОЙБАЙ ДА АТТАН (ОЙБАЙ)

У-шу болып дүрлігу туралы. ~ Алдында Сыдық пен Нәшен, артында Мәлік келе жатса, бір сұмдықтың болғанын біле қоятын болды жұрт. Алдарынан шулап шыға келеді. Ойбай да аттан, бауырым да боздағым. Қанды жасын төккен жар, шырылдаған қаршадай бала. К.Қаз.

ОЙБАЙ ДА ОЙБАЙ

Байбалам салып, орынсыз шу көтеру туралы. ~ Қар кеткен наурыздың аяқ кезі, Жайған еді жерге шуақ күннің көзі. Әжібай өлгендей-ақ үш қатыны, “Ойбай да ойбай” еді барлық сөзі. С.Тор. ~ Қолға ұстап сирағынан кішкене ұлын, Жайылып даударланған екі бұрым, Бар сөзі: “Ойбай, ойбай, ойбай да ойбай!” Жуылып қызыл қанға бет пен мұрын. С.Тор.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *