Posted in

ОЙБАЙ САЛДЫ

Жан даусы шықты, баж ете қалды. ~ Боз Мұнай келе құлады. Қосағымен екеуі, Жер бауырлап жылады. Ойбай салған дауысы, Жұрттың басын құрады. Жұрт келсе де тұрмады; Көтеріп басын бұрмады; Жұбатқанға болмады; Сол ойбайдан танбады. А.Байт. (Ер Сайын”) ~ Не боп жатқанын білмеген, бірақ не де болса, сұмдық бірдеме болып жатқанын сезген Жайнақ, бақырған қалпымен далаға ата шығып ойбай салды. С.Мұқ. ~ Бір әйел бүкіл ауылды басына көтеріп ойбай салды: – Өткен түнде үйімнен баламды ұрлап әкетті! С.Ом. ~ Тұрақтағанына үш-ақ күн болған ауылды мына айқай астаң-кестең етті. Шапқыншы үй-үйді аралап, ойбай салып жүр. К.Қаз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *