Жоспарлады, мақсат тұтты, ниет етті. * Сүйінғара қолымен қымтай ұстай ыққа қарай ыңғайланып, Исатайға бұрылды: – Ал, Исатай інім! Ниеттерің оң болсын, ойға алғандарың іске ассын. М.Әбдіх. * Ақыры орындалып ойға алғаны, Осылай Әбдіғапар той қамдады. Торғайдың өзі болды нағыз байы, Жиылмай жататұғын жайған малы. С.Тұрғ.
- Есіне түсірді, мән берді, зерделеді. * Мәңгілікке жалғас Айя-Софияның шынында да жоса түстес қызғылтым екенін жер аяғы кеңіген тәуелсіздіктен соң, Түркия, Стамбұлға алғаш барғанда көрдім. Көрдім де, өткендегі түстерімді ойға алып, мұншама сәйкестікке қайран қалған едім. М.Мағ. * Шексіз, үмітсіз мұңға батып отырып, осы күнге дейін кезген жерлерін, аралаған елдерін ойға алған… Т.Шап.
