Терең ойға берілді, ойға шомды. ~ Ол екеуі осылай қайраттанса да әлденендей бір ауыр ойға түсіп, үнсіз тұнжырап келе жатыр еді, арт жақтан біреудің:— Кімсіңдер, ей?— деген даусы шықты. Ә.Әб. ~ Талайлы ойға түсіп түпсіз терең, Сырласып табиғатпен мылқау, керең. Тыншымай махаббаты ыстық жүрек, Дөңбекшіп оңды-солды отырды әрең. ” БС. Талайлы құл..”
- Есіне түсті, жадына оралды. ~ Есім жиналған соң, көп ұзамай философиядан сабақ беретінім ойға түсіп, сасайын дедім. Қалай сабақ беремін, не деп лекция оқимын? Б.Тоғ. ~ Былтырдан бері қыста қой қоздату жөнінде берілген материалдарды бірінен соң бірін ойға түсірді. К.Қаз.
