Әлдебір жұмысты тып-типыл қылып тындырды; қырып-жойды. ~ «Қарасудағы» ойдан ойып, қырдан қырып жатқан жас шопандарға — бір-бір қара тон!»— деген секретардың сөзі күні бүгін құлағымда. М.Қаб. ~ “Иә, мама, өлесі боп шаршап жүрмін. Айран ұйытып қойдыңдар ма?” деп, ойдан ойып, қырдан қырып келгендей алдына қисая кетеді. Өтірік айтқан қайбір жақсы. М.Қаб. ~ Ағасы Сәлім жарықтық ыспор, іске орамды жігіт еді… Ойдан орып, қырдан қырып тұрып екі үйді сол бағар еді. Қ.Мүб.
