Posted in

ОЙЛАМАҒАН ЖЕРДЕН (ЖЕРДЕ)

ОЙЛАМАҒАН ЖЕРДЕН (ЖЕРДЕ) Оқыстан, кенет, күтпеген жерден. * Бұрынғы таулар орнында біраз заманнан соң тегістік орнайды. Ойламаған жерден кейде үңгірлер шығады. Жер бетін тегіс су қаптап тұрған. А.Байт. * Мен шойын жол құрылысынан қайтқанда ойламаған жерден Айнабұлақта кездесіп қап, бірге қайттық. С.Бақб. * Қыздарды қорқытып, жеңгелерімді күлдіру үшін де ойламаған жерден бір өнер шығарушы едім. Ж.Сәм. ~ – Сіз салат жасауға асықпаңыз, таңертең асыққаныңыз да жетер,- деді ол ойламаған жерден “Сізге” көшіп. Д.Иса.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *