Ойына келгенін істеп, құтырды; асыр салды; әлем-тапырық қылды. ~Үскірік, аяз, боран араласқан, Екі үйдің арасында жан адасқан. Қабағын түйіп келген қаһарлы жұт, Салды ойнақ сахараға уытын шашқан. Абай. ~ Құздарда найза қия құстар шулар, Төменде тасты сабап толқын тулар. Аланың ақ төсінен орғып түсіп, Сайларда салар ойнақ асау сулар. М.Жұм. ~ Өткен күн ертегімен таласқандай, Уа, дүние, ол күндерде алаш қандай?! Ой-қырдан орғып-қарғып еріккенде, Алтайда ойнақ салып жүрген аңдай. М.Жұм. ~ Адамның жанын, қанын азық еткен, Борандай ойнақ салды өлім билеп. С.Мәу. ~ Кіндік қаны
тамып, төсінде ойнақ салған туған жері есіне түссе ет–жүрегі елжіреп, мазасыз күй кешеді. Д.Рам. ~ Бергтің отряды қазақтың артынан Кеңсу өрлеп түсіп, Кравченконың отряды Қарқарадан, бір жағынан Қырғызстанның қазағы — үшеуі тоқайласып, қазаққа ойнақ салды. Б.Қыд. ~ Қас қағымда ауаны арайлы сәуле – торғын талшықтар үлбірей торлап, жалт-
жұлт ете ойнақ салды, сансыз нәзік алтын жіпшелер шымылдық болып толқыды. Ж.Шағ.
