Posted in

ОЙНАҚТАҒАН БОТАДАЙ

Асыр салып, еркінсу, құтырыну хақында. * Бұрын да өстіп аяқ астынан құбылып, артынша ойнақтаған ботадай құтырып шыға келетініне еті үйрене бастаған серіктері ештемені мәнзүр қылмай, қайта құлақтары тыншып қалғанына қуанысқан. О.Сәрс. ~ … ебелектей ұшып-қонып, ессіздікке еліктеп, есерсоқ көңілшектік кездерің ғой, абайламай тірлік жасап, аңдаусызда шоқ басып алған, ойнақтаған ботадай болып қалмаңдар, дегім келеді, қарағым, – деп Исмайыл Мәделіге ағалық ықыласпен қарады. “Арпалыспен…”

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *