Posted in

ОЙНАС БОЛДЫ (ЖАСАДЫ, ҚЫЛДЫ)

ОЙНАС БОЛДЫ Неке үстінен ашыналық жасады. ~ — Ханым, сізге бір сыр бар сақтап жүрген, Кісіңізден ши шықты мақтап жүрген. Енекеңіз жасырын ойнас бопты, Диуанамен ел кезіп ақтап жүрген. М.-Ж.Көп. ~ — Біледі екенсің, — деді Таңатар суық дауыспен, — сол Сартайдың әжең — Айғаныммен ойнас болғанын естідің бе? С.Мұқ. ~ Сәлеметсіз деп… Тобан аяқ, тоқ құрсақ әкең ана жылы теміржол станциясынан ХТЗ–ға май тасығанда, ыңғай сондағы татар қатындармен ойнас болған, деп естіп ем, сәлеметсіз солардан жұққан екен ғой, құдай төбелеріңнен ұрып. Н.Дәу.

ОЙНАС ЖАСАДЫ

Көңілдес болды, ашыналық жасады. ~ – Иттің ғана баласы, мен сенен бала сұрадым ба?.. Мен саған ойнас жасап, бала тауып бер дедім бе? Сен иттің адал ісімді арамдап жүргеніңе жарты жыл болды ғой!.. Шығарма дыбысыңды!.. М.Жұм. ~ Айдынды сұк саусағымен нүсқап. – “Астыңдағы атыңа, қойныңдағы қатыныңа сенбе” дегені рас. Мен Сібірден оралсам қатыным ойнас жасап жатыр. С.Досан.

ОЙНАС ҚЫЛДЫ

Зиналық жасады, жасырын көңіл қосты. ~ Бір шыны аяқ шоғыры қолдан түсіп кетіп сынған үшін, сол үшін бе? Жоқ. Әзімбаймен ойнас қылғаны үшін! Ұрам деп айтып ұрмайды. Неге ол аузына тас салғандай үндемейді? Ол бірдеңе десе, Шолпан да айтар еді. М.Жұм. ~ Қазақ әдет-ғұрып заңдары бойынша өлім жазасына адам өлтірген, ұрлық жасаған, ел тонаған, әйел зорлаған, ойнас қылғандар кесіледі. “Қ.құқығы”.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *