Posted in

ОЙНАСАҚ ТА БІРАЗ ЖЕРГЕ БАРДЫҚ (ШАПТЫҚ)

Қалжыңдаса отырып шамға тиетін сөздер айтысты. ~ Бір де – ноль, аға, сіздің пайдаңызға,– деді Аманжан. Жә, жігітгер, ойнасақ та біраз жерге бардық, – деді Упрай, – мәселе былай… О.Бөк. ~ Кере қарыс қара жалды қабан: “Келсең кел, келмесең, әй, жөніме қоя берсеңдер қайтеді, ойнасақ та біраз жерге бардық қой” дегендей, сырт көзге тым бейбіт, тым жайбарақат, әйткенмен сымға тартқандай секиіп тұрысынан бір шіреу, серпін сезіледі. М.Қаб. ~ — Қатты кеттің, Бектемір. “Ойнасақта біраз жерге шаптық” десекте, ертеңіңді де ойлап қой, — деп Мақан қос танауын кезек басып, бұрылып та жатпастан мұрнындағы сұйықты Бектемірге қарай ытқытты. С.См.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *