Posted in

ОЙРАН-АСЫР ҚЫЛДЫ

Тас-талқанын шығарды. * Құрып қалғыр қу таңдай-ай, кiсiнiң көңiлiн ойран асыр қылдың ғой. Р.Рай. ~ Әлгіндегі вертолеттің сонша шүйлігіп кеп, осы өңірден шұқшия ұшып өтуі, қөңілін ойран-асыр ғып қайдағы – жайдағыны есіне түсіріп кеткен сияқты. Ә.Әл. ~ Жабайы шошқалар емен ағашының түбін тұмсығымен қопарып, қалай ойран-асыр қылса, немістер де Курляндия түбегін сондай етіп, окоппен ойып, траншеямен тілімдеді. Ә.Нұрш.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *