Posted in

ОЙЫ БАР

Ақылды, парасатты д.м. * Соның ішінде “қаршығадай шағын ғана бойы бар, үйдей үлкен ойы бар алғыр, ақсұр, Абай баласы – Мағаш қара үзіп, озып отыр. М.Әу. * Біз басқа бір белгісіз кеңістікте белгісіз молекула, не белгісіз бір бөлшек боп ұшып жүрдік. Кенет дүниеге келдік. Ақылы бар, ойы бар, тілі бар, дыбыс пен бояудың сырық түсіне білетін қасиеті бар Адам формасында келдік. Д.Ис.

  1. Алға қойған жоспар, мақсаты туралы. ~ Қалыңдық құшып, сүюге Күйеуіне ынтызар. Келісімен тиюге Дайындалған ойы бар. Абай. * Драгомиров жүрген жерінің шежіресін де, әдет-ғұрпын да, салт-санасын да байқастыратын еді. Қазақ елі туралы да жинаған материалдары кеп, солардан кітап жазарлық та ойы бар. С.Мұқ. * Кейінірек бірдеңені сылтау қылып, Нұрымбет аулына қыдырып қайтатын ойы бар еді. З.Шүк.
  2. Дәмесі бар, көзі түсті. * Алғашқы танысқаннан кейін, Асқар бірер қабат келген соң-ақ, оның ішкі ойын қас-қабағынан байқаған Айбала, «құда түсер басталар, Асқар Балтабекке кісі сап, Ботагөзде ойы барын айтар»,– деп күткен еді. С.Мұқ. * – Көрдің бе, былқылдауын – деді Мадияр Сарыбасқа – осы офицердің осы әйелде ойы бар. С.Мұқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *