Posted in

ОЙЫН САЛДЫ

Өнер көрсетті; той тойлап, сауық құрды. ~ Сол кезде ғой, зымқып тік шапшыған көк қаршыға адырнадан жіберген сұрғылт жебедей көтеріліп кетіп, ойын салып өнер көрсеткендей төңкеріліп барып, қанаты күнге шағылыса жарқ беріп сұр үйректі бассалғаны. Ғ.Біл. ~ Дүнияның төрт бұрышына салды хабар,Той тойлап, сауық құрып жатты олар.
Күн өткенін білмейді, түн өткенін, Жиылып халайықтар ойын салар. БС. “Сыршы молда”.

  1. Майданға шықты, жауына қырғидай тиді. ~ Тұла бойын қараса, Он жеті жерден жаралы, Сонда да Тәңірім алмайды, Ол жараға болмайды, Әлі де ойын салады, Қос тізгінін созады. “Ер Тарғын”. ~ Қозекем жүз баламен ойын салды, Ысты менен Төлеуді ертіп алды. Келді де жүз баламен ұрыс салды, Жүзінің қақ жартысын қырып салды. С.Сей.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *