Posted in

ОЙЫНҒА БЕРІЛДІ (САЛЫНДЫ)

Ойын қуып кетті. * Күн ашық еді. Асқар таудың алып бейнелері айнадай таза судың түбінен көрініп тұр. Балшық илеп балалық ойынға беріліп кеткен екем. Б.Мом. * Көшпелі ауылдың тұрмысы, бір жағынан, жақсы – кең ауа, керемет табиғат, екінші жағынан, қиыншылық, мектеп, тағы да басқа көңіл көтеретін орындар жоқ. Алаңсыз ойынға берілесің. Мал бағасың. Ж.Баб.

ОЙЫНҒА САЛЫНДЫ

Қызыққа беріліп, бәрін ұмытты. * Артуро үйде отырмайтын болды. Қайтадан ойынға салынып, аңшылыққа шығып, кешкілік дос-жаранына арнап дастарқан жаюмен айналыса бастады. Ч.Пав.

ОЙЫНҒА КІРІСТІ

Әлдебір ойынды бастап жіберді. * Бұрын мұндай кішкене кісіге үйренбеген қозы, аз- мұз таңырқағандай едірейе қарады да, тілін біле қойды: Қазыбекті сүзген болып, тиіп қашып, бірден ойынға кірісіп кетті. Х.Есен. * Күндегідей емес, бүгін балалар бұны салқын қабақпен қарсы алды. Бұл ойынға кірісіп кетті, қызыл сақаны майданға салған жоқ. Ә.Тар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *