Posted in

ОЙЫНДЫ-ШЫНДЫ (СӨЗ)

Қалжыңдаған болып шын ойынан хабар беру. ~ Есенейдің алғашқы әйелі – Қанікей, Құрымсымен аталас – Зілғараның қызы екенін еткен тараулардан білеміз. Сондықтан жасы кіші болғанмен, жолығысқан шақтарда Құрымсы оны «жездей» деп, өзін еркелейтін «балдыз» орнына ұстап, ойынды-шынды сөздерін батыл айта беретін. С.Мұқ. ~ Зарыптың бет әлпеті кенет қуқылданып, төменгі ерні қымқырыла түсіпті. Мұндайда бұл үндемейді; үндесе, Садықбек секілді ойынды-шынды араластырып «ба-ба-ба» деп тұрмайды, есіткен адамның құлағын түргізгендей ғып оқиғаның түпкі тамырын қопара сөйлейді. Б.Майл. ~ Ревякиннің ойынды-шынды әмір бере жазған хатын оқыған сайын, әр сөзінен өзіне таныс мінез тауып, Тарасенко бірдеме деп қалады, мен де оның сөзін мақұлдай түсем. Ғ.Мүс. ~ Төріңнен көрің жуық отырып, қайдан таптың бұл кәсіпті, – деп, қымызшы шалды ортаға алып, ойынды-шынды тілін батырып, керіп әкетті. С.Жүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *