Оп-оңай, түкке тұрмайтын нәрсе, іс сықылды. * Сырттан қарап тұрғанда шыны жасау жұмысы оп-оңай ойыншық сияқты көрінеді: ол жұмыскерлердің тәсілін біліп, жаттығып қалғандығынан. А.Байт.
ОЙЫНШЫҚТАЙ КӨРІНДІ
Оңай, жеңіл көрінді. ~ Әр жылғаны, бастау басын қуалап үрке қонған біздің ауыл Евгеньевканың жанында ойыншықтай көрінеді. Б.Мом.
ОЙЫНШЫҚТАЙ САНАДЫ
Елемеді, менсінбей қарады. ~ — Гранатты тастаймыз… Ішкі жаққа зобалаң тиіп жатқанда дарбазаны қиратамыз да, хауарыштардың ұясына бірден басып кіріп қырғын саламыз! — деп полиция орнын ойыншықтай санаған… Ж.Ах.
