Есінен айрылғандай күйге түсті. ~ Кешкі астан кейін қайтадан кабинетіне кіріп, мана бастаған журналдағы мақаланы қайтадан оқымақшы болған. Бірақ, көзі жүрмеді, оқалақ тиген сиырдай көңіл шіркін байыз табар емес. Ә.Тар. ~ Тәркілеудің белсендісі не жыны барын білмеймін, орыс мұжығын айналып өтеді, ұңғысы үңірейген мылтығынан қорқады… ал, бишара қазақты оқалақ тиген сиырша сүкектетіп қуады-ай…” Д.Досж. ~ “Әй, кісіге тыныштық беремісің, жоқ па?” деп дауыс көтеріп еді, анау оқалақ тиген тайыншадай мүлдеп құтырып кетті. О.Сәрс.
