- Зәрлі pаймен тiкipейе қаpады; ашулы көзбен атты. *-Мұның не?-деді Айтан әйеліне жақын келіп. Айқайламай ақырын айтқан сөзде аса ауыр, зілдей салмақ жатыр еді. Айтанның отты көзі Назеркенің кеудесіне оқтай қадалды. С.Досан. ~ Қыбырсыз жатқан Леха орғып оң бүйіріне аударылды. Сығырайтып көзін ашты. Сызаттан жаулық қарас оқтай қадалды. С.См. ~ Қасқырбайдың қасында Көбен отыр. Ол – өткір көздерін айналасына оқтай қадағанымен ауыз ашып сөз айтқан жоқ. Б.Тоғ. ~ Әй, қайдағы өкіл? Бұл ауданның хатшысы, — деп Сұржекей түсіне ашу жинады. — Көне тайыңдар! Марш! — Ағасы, арызымыз бар еді айтатын! — деді Шеге, сұр жігітке оқтай қадалып. С.Ел. * Өзгені қойып, осы бес-алты жылдың ішінде Мұхамед-Шайбани Ордасынан көз алартқан Абдолла баһадµрдың өзі де өкпе тұсына оқтай қадалды. І.Ес.
2. Ауыр тиді. * Кейбіреулердің еліміздің тәуелсіздігінедейін «Қазақтың халықтық шипагерлік өнері болмады» – деген кертартпа әрекеттеріне шипагердің «Шипагерлік баяны» жүректеріне оқтай қадалды. БАҚ.
