Оқуын аяқтамай кетті. * Бір кезде бастауыш мектептің дырдай мұғалімі еді, сол тышқанның терісіне бола Семейдегі сырттай оқуын он жылға созып, ақыры екеуін де тастап кетті. Қ.Ысқ. * Оны кейінгі уақытта бір ой жеңді: Уақытша, ең болмаса бір жыл қызмет істеп ақша тауып кайту. Бірақ институтты, оқуды, жолдастарды тастап кету қиын. Б.Бұлқ. * Мен, шынында да артиспін. Баяғыда зооветке түсердің алдында консерваторияның актерлік факультетінде бір жыл оқып, тастап кеткем, — деп, ішек-сілесі қатып күлген бетінде Дәнешті құшақтап, жауырынынан қағып, есін шығарып жіберді. Қ.Жұм. * Тоштаннан кейін үйден үй аралауға кішкентай Көпен шығады. Кәдімгі бізбен бірге оқитын Көпен. Біраз болды, ашыққан соң оқуды тастап кетті. С.Мұратб.
