Керек болса; оның үстіне д.м. * Баспана – бүгінгі қазақ үшін Гамлеттік сауал, ол аз десеңіз, баспана – қазақ үшін философиялық, онтологиялық проблема. Т.Әсемқ. * Төргі бөлмеге өтіп, темір кереуетке құлап еді, ұзақ уақыт көзі ілінбеді. «Ақыңызды жемейміз ғой»,— дейді. Ол аз десең, ана бір сөлкигені «мейірімсіз» деп қорлайды. Т.Әбд. * Бұл бір қызық адам. Ол аз десеңіз, әдеттегі таптаурын жолмен түп-түзу келе жататын көптің бірі емес, көптен оқшаулау, өз беті өзінде, тек өз соқпағымен ғана жүретін біртоға, біртүрлі бір қыңыр кісі. З.Қабд. * Сонан соң Сергей не істейді дейсіз, таңертең токарь болады. Түстен кейін верстактың қасында слесарь боп жанталасады. Ол аз десеңіз, дәнекерлеуші тағы да сол. Ал, Қадірбек балташы да, ұста да, сылақшы да. С.Смат.
