Көңілден шығу-шықпау хақында. ~ Намыс тапталған жерде Ар аяқ астында қалады. Ұясын жат жайлаған құс пен Отанын сатқан ождансыз ұлда бұл олқы соғып тұрады. Ал олқылық түбінде бір опындырады. И.Сап. * Есі-дерті тек байлық болды. Халқын да, өзін де байыған үстіне байыта түссем деді. Күндіз-күлкі, түнде ұйқы көрмеді. Баяғыдағы атбасындай алтыны атантүйедей боп өссе де көңіліне олқы соқты. Т.Сәу. * Әрине, кәсіби ақын емес. Әдебиет деген ауылдан алыс қонғанын өзі де мойындайды. «Көркемдік деңгейі жағынан олқы соғып жатуы да мүмкін» дегенді оқырман қауымға алдын ала ескертеді. Г.Бельг. * – Анау-мынау жігітіңнен олқы соғатын қыздар емес. – Кей жігітті орап алғандай,– деп жауынгерлер әр жерден көтеріп әкетті. Т.Ахт. * Әлде оның Алласынан менің сиынар Көк Тәңірім олқы соққан ба? Р.Отар. * Шығарылған бұйымдар әдемi-ақ, бәрiбiр көңiлiне олқы соқты. Ә.Ыбыр. ~ А й б а л а. Алуаш, айналайын, қайырлы болсын!.. Бейсен бір спецовканы бұрын бітірсе де, өзің де олқы соқпайсың, қуанамыз, құттықтаймыз!.. М.Әу.
