- Оңынан түсті. ~ Төбелер онда шекелетіп киер көкмауыты қалпақтай омпайынан түсіп жатады. Мына жер бауырлап жатқан жоталар көк мауыты қалпақтан садаға кетсін! М.Қаб.
Ырқына көнді. ~ «Ұлың көңілшек болса – атыныңсоры, қызың көңілшек болса – көтінің соры» демекші, серілер серкелерінің де оңтайына келе бермейтін, өр мінезділерге де омпайынан түсе қоймайтын асқан сұлуларды да әлгінің сол бір «ұрғашы сағымы» ерекше көңілшектендіріп жібере ме екен, кім білсін, әйтеуір, оның «бетім барда кім шыдайды» дейтіндей небір әсем де кербез қыз-келіншектерге келгенде де жолы тым болғыш-ақ еді. Т.Әбдікәк.
