Мінез көрсетті, кеуде көтерді. ~ Түп пәленi Оралбайдан, сонан соң Базаралыдан көретiн. Одан соң сайлау басында омырау жасап, ұлыққа қарсылық көрсетiп, көп жатақты қоздырған және үйдi құлатып, елдi түгел бiрiктiрген осы тұрған жiгiттер дескен. М.Әу. ~ — Ата жауларыңды алысқа айдап тастамағанмен, осылайша омырау көрсетіп, тықыр таятып қоям дегендерін көңілге қонады. Қ.Жұм. ~ Құнанбай аулы анау көрініп, жер шегіне іргесін қадап отыр. Болымсыз бірдеңе болса, от шығып, ұшқындап кететін сияқты. Құнанбай, әсіресе, омырау ғып, соған әдейі ізденіп жүр. М.Әу.
