Posted in

ОМЫРАУ СОҚ

Менмендік, ожарлық. *  … бірді-екілі  бие  соңындағы тентек  айғырлардың  басқа үйірге  көз  алартқан омырау  соқ  өктемдігіне  шейін  қырғы жолмен  келе жатқан  Қармыстың  назарынан  қағыс  қалмады.  Ө.Кәр. *  Үйірдегі тай-байталдарды  бөліп  әкетпекке омырау  соқ  өктемдікке басқан  жас  айғыр  Торы төбел,  Құла  жиренді  тайталаста жеңіп  кетті  де, тай-байталдарды  алдына  салып  қуа  жөнелді.  Ө.Кәр. ~ Оның үстіне осы күндері бітіспес жауы Қоракөктің үйірін дамылсыз торуылдап, тай-байталдары көпе-көрнеу алдына салып, қуа жөнелетін омырау соқ өктемдігі, тынышын кетіріп бітті. Ө.Кәр. ~ Ін сыртында бір-бірін қуалап ойын салған қос ынтыққа кеп ұрынған Жағалдың омырау соқ ожарлығы алым-перім жағаласқа ұласқанын биік шоқыдан бақылаған жігіттің көңілі орнында емес-тін. Ө.Кәр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *