Беделі зор, елге елеулі адам туралы. ~ О баста болашақтан күткені көп еді. Мектеп бітірісімен мүйізі қарағайдай москвалық студент атанды. М.Қаб. ~ Мүйізі қарағайдай молдалар да басқа үйде отырып-ақ оқи беретін еді ғой. Қ.Ысқ. ~ Сөйтіп, бұл ауылда бұлаңдау болса да, ақ көңіл Әйкенов секілді председателі, Әпен секілді беделді, ақылгөй нығыз кілтшісі, Үлкен Ахметжан секілді еңбекқор, момын торы бригадирі болғандықтан, ауданнан келген, мүйізі қарағайдай аудан өкілі – менің жұмысым біраз жеңілденіп қалды. С.Шайм. ~ «Айдай, айдай, қара ешкінің мүйізі қарағайдай, қарағайдай мүйізін қағып алса, тоқал ешкі болуы боқтан оңай» делінетін бір шумақ өлең әспетті әзіл болушы еді. Ғ.Біл.
