Posted in

МҮЙІЗІ СЫРҚЫРАДЫ

Жаны ашып, жүрегі ауырды. ~ – Жігітек ұрлыққа жерік боп, ұрыға серік болайын деген екен. Ендеше қашқындарға мүйізі сырқырайтынның бәрі жаза шексін! – деп, Тәкежанға жорға Жұмабайдан сәлем айтып жіберді. М.Әу. ~ Бименді сатылған малға іші удай ашып, көпке дейін тұнжырап жүрген-ді. Атақты «Жібек жолымен» саудагерлер ел маңына жақындағанда мүйізі сырқырап маза кететін. К.Қаз. ~ Адамдар бір-бірінің тәнінің ауырғанын сезбейді, бірақ бірінің жаны ауырса басқалардың мүйізі сырқырайды емес пе?! Сонда менің өлгенім түк емес қой! Ә.Тар. ~ Әшім сәл бөгеліп барып: – Айдатып,байлату деген сұмдыққа мүйізі сырқырайтындардың бәрі де ашынды ғой. Іленің оты тұтанғанша, құйқалақтатып, құйын тұрғызып өшірушілер өз ішімізден шықпады ма? Т.Рыс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *