Posted in

МҮЛӘЙІМ КӨЗ

Аянышты, жалына қараған көздер туралы. ~ Бұл қанішерлердің басында сәлде, қолында таспиқ, аузында “тәһлилі”. Төмендеп сүзілген монтаны мүләйім көздерінде көлеңкедей қара сүрме. М.Әу. ~ Жалт қарағанында сұлу келіншектің жапақтаған мүләйім көзіндегі жалыныш ишарасын көріп аяп кетті. Ғ.Біл. ~ Мүләйім көздерін маған қадап, немістің қай танкысының астына жұмсарымды күтіп отыр. Бәрі де аш. Ғ.Мүс. ~ Мөлиген мүләйім көз, қимылдары сылбыр, бәрін бір қалыптан шыққандай зәбірсіз, жуас қып қойған қандай құдірет екен? Т.Сәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *