Posted in

МҰНАРҒА ОРАНДЫ (МАЛЫНДЫ)

Көк тұманға, бұлыңғыр сағымға батты. ~ Қолдың дәл бет алдында, шексіз ұзақ алыста кең созылған биік жота бар. Ол да бұл шақта көк барқын мұнарға оранып, аспанмен ұласып араласып, бояу қосып тұтасып барады. М.Әу. ~ Сол жақта, күншығыста Орда тауы, Тоқымтыққан, Боқай дейтін көкшіл мұнарға оранған қоңырқай таулар көрінеді. М.Әу. ~ Моп– момақан көкше мұнарға оранып, мұңға батқандай, маңғаздана, үн қатпай ұлан– байтақ, өрісті кең жайлау жатыр. Т.Рыск. ~ Жақын да болса алыс қызға қол созды, жетпеді, айқай салды, жер жарып, жартастарды теңселткен даусын өзі де естімеді, қара шашы бұлтша шұбалған қыз ақ мұнарға оранып, алыстай түсіп, бұлдырап барады. М.Қаб. ~ Жақын маңда ұзын, бітік таңқурай сабақты, шілік, бұта – бүргенді өскіні белуардан келетін жүндес, қайқаң беткейлер елбіреген бір көкшіл мұнарға малынған. Ж.Ахм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *