Біреудің қайғы-қасыретіне жаны ашып, қол ұшын созды; көптің қамын ойлады. ~ Жоғарыда атап өткен жағымсыз образдармен қатар, елдің түкпір-түкпірінде елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын талай Исалардың бар екенін ишарамен меңзеп тұрғаны кәміл. Яғни, Иса да – типтік бейне. Г.Ниет. ~ Осындайда ақыл айтар аға, жөн сілтер ағайын да жоқ. Бар деген туыстың өзі Айтқалидың жағдайын түсініп, мұңын мұңдап, жоғын жоқтай ала ма? Ә.Асқ. ~ Ақын мен жазушы, шынайы қаламгер елінің елеулісіне, халқының қалаулысына айналады екен. Ақынның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтындар молаяды екен. С.См.
