Діттеген мақсатына, арманына қол жеткізді (жеткізе алмады). ~ Бағзы бір заманда, бұдан бес, он, жиырма ғасыр бұрын жасап өткен, кеудесі көтеріңкі, мерейі үстем болған, еркін ғұмыр кешіп, бар мұратына жеткен әлдебір бабамның жойқын жорықтан соң ұзағынан ұйықтап кеткен әлденендей сәтінде көрген түсі шығармын деп. М.Мағ. ~ Қобыланды жауларын жеңіп, мұратына жеткеннен кейін Қарлығаны ұмытып кетеді. Т.Әс. ~ Батырдың көп мұратына жете алмай, жас күнінде қуаты қайнап, долданып өлгендігінен моласы тұрған биіктің бауырынан боран, ызғар айықпайтын болған екен … М.Әу. ~ Ол Моцарттың данышпандығын жылап отырып мойындаған адам. Сөйтіп жүріп данышпанды у беріп өлтірсе де – одан аса алмады, мұратына жете алмай, өмірі қорлық, күйзеліспен өтті. Ш.Айт.
