Posted in

МҰРНЫН КӨККЕ КӨТЕРДІ

Менменсіді; өзін артық санады; тәккаппарланды, паңсыды. * «Көзіме күні бойы көрінбеп ең, Келесің, сөйле, – дейді, – сен қай жақтан?» Сонда бұл мұрнын көкке көтереді, Адамсып, маңызданып, жөтеледі: «Жер жыртып күні бойын, шаршап келем, Мазалап, сұрап саған не керегі?» А.Байт. * Кейбіреу көтереді мұрнын көкке, Өз әлдін өзі білген адам көп пе? А.Байт. * Көтерген мұрнын көкке кейбір залым, Болмайды-ақ Иесіне онда наным. Қосылып тәкаппарға, үйлеспейді, Заббани бас кетсе де, болған ғалым. М.Ж.Көп.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *