Жұмыстан қолы босамайды. * Қысқасы, аз сөйлеп, көп істеп, тезірек табан жалтыратқан жөн. Мұрындарына су жетпей отырған қыздар қиқақты көтермейді, сөзбен, қабақпен болсын, аямай жасқап жібереді. М.Қаб. * Өзіне де обал жоқ, қыс қызметім бар дейді, жаз малының шөбі, отын-суының соңында танауына су жетпей қу жанын отқа сап жүргені… Қ.Ысқ. *Хат неғып үзілді десем, басқарма болған соң мұрнына су жетпей жүр екен ғой. К.Қаз. ~ Алдымен алыстан ат шаршатып келген күйеу баланы сыйлайық. Қу сөзден қуырдақ қуырғанша ана шалға барсайшы. Қорада мұрнына су жетпей жүр. М.Қаб.
- Өлкедегі үлкен ұлықтар жиналысқа шақырып, мұрнымызға су жетпей жатыр, – деп еді Махсұт. Т.Рыс.
