Posted in

МҰРША ЖОҚ (ҚАЙДА, БАР МА, КЕРЕК, БОЛДЫ МА)

Әлдебір іске мүмкіндігі жоқ, әл-қауқары жетпейді, жағдайы жоқ. ~ Бұл көкең білгенін самбырлап айта түседі. Мүдіруге мұрша жоқ. Д.Досж. ~ Өлі-тіріге қарауға да мұрша жоқ. Ш.Айт. ~ Көп сөйлесіп тұруға мұрша қайда, Арғынбай мен бес жігітті қой қораға жасырып қойдым да, қаннен-қаперсіз қалпыммен күзетте тұра бердім. М.Әбд. ~ Сол кеткеннен, міне, әлі жоқ. “Е, мейлі, жоғалсаң жоғал” деді бұл. Одан ешкімің ешнәрсесі қисаймай мас. Іздеуге мұрша қайда? С.Ел. ~ Ал Әлімбекке ешкім назар аударған жоқ. Оған қарауға мұрша бар ма.

Ш.Айт. ~ Ауылдың төбесі әне ағараңдап көрініп-ақ тұр. Бірақ, барып, келуге мұрша керек. Н.Дәу. ~ Сонау сұрапыл соғыс жылдары мың шанышқанын да елеуге мұрша болды ма? К.Қаз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *