Әлдебір ерекше көрініске (жағдайға) біреудің көңілін аудару. ~ – Бәрекелде, мына қызықты қара! Мынау ауыл алтыбақан теуіп жатыр! -деп тоқтай қалды да: – ойбай, жақсы болды! М.Әу. ~ Мына қызықты қарашы,– деді Бәйтен Оймауытты жеңінен ұстай тоқтатып. – Өткенде ауылдық кеңестің жиналысы тек Назардың құрметіне арналды… Т.Әбд. ~ – Мына қызықты қара! «Ой-бұй, мына сорлының сүті далаға ақты-ау», – деген бәйбішенің даусын естігенде домбыра бетін алақанымен баса қойған күйші «бұл күйдің аты «Нариген» деді. Ж.Баб. ~ Ол… мына қызықты қара… қызық па, қырсық… жо-жоқ, қырсық емес, оның беті ары, ол емес… бейнет шығар, иә, не қызық, не бейнет, екеуінің біреуі. Ғ.Қаб.
