Posted in

МЫҢ БҰРАЛДЫ

Ирелең қақты, сан бұрылыс жол салды. ~ Ерке су тап- таза күміс моншақтарын күнге шашып, мың бұралып, сылдырап, сылқ- сылқ күліп, сылқым ағады. З.Қаб. ~ Арудай әсем еркелеп, Мың бұралған Ақбұлақ, Атырауға ынтық боп, Сан сыланған Ақбұлақ. Сегіз с.

  1. Сылаң қақты. ~ Солардың арасында Бозғылтым деген қыпша бел бойжеткен сылаңдап бұның алдынан шыға келсін. Қылмыңдап күлсін, “олжалы оралыпсың, батыр, сауға тастап кет!” — деп мың бұралып жанаса берсін. Ә.Тар. ~ Мың бұралған қыз еркін билеп жүр. Сахнадағы сиқырлы би құдіретінің құшағына оранғандай көрермен жұрт тым-тырыс. Ф.Оңғ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *