Бүкіл болмысымен, түп-тамырымен, жапырыла құлады; түгі қалмады, ойсырай жеңілді. ~ Бір заманда, бәлкім, су деңгейі астыда, аркан бойы төменде ғана тұрғанда қақ ортаға бірнеше түп қатын сексеуіл біткен екен, жер астындағы су біржола қашқан соң ол да аптапқа шыдамай, тұқым-тұяғымен омырыла құлапты… М.Мағ. * Бірақ ол өмірдің бір қалыпта тұрмасын сезсе де, нақақ қандардың киесі ұрған рақымсыз империяның арада не бәрі жарты ғасыр өтпей омырыла құлайтынын, қазақтың тәуелсіз ел болатынын, өздерінен гөрітәлім-тәжірибесі мол, азат ұрпақ бақытсыз аталарын кінәламай, тарих тозаңынан тазартып алатынын білген жоқ. Қ.Жұм. ~ Нөсер бағанағыдан да қатты. Ағаш іші енді алаңқы жердей тасырлап кетті. Омырыла құлаған құз-жартастай төніп келген қошқыл бұлт арасынан құлақты жарып жіберердей шатыр-шұтыр етіл от жарқылдайды. С.Жүн. ~ Тіпті күш ала алмағасын қаз-қатар отыра қалып‚ жарыққа салмақ салған кезде‚ әжептәуір жар жиегі омырыла құлады. А.Алт. ~ Жас баладай апыл-тапыл басқаны аңғарылды, дiзесi дiрiлдей адымдағаны бiлiндi. Сөйткенше-ақ, кескен теректей қайтадан омырыла құлады. Ә.Ыб.
