Өзі де бүлінгелі тұрған нәрсе еді, ештеңе етпес д.м. ~ Оның үстіне, «онсыз да шығайын деп тұрған көз еді» дегендей, арадағы жүріп жатқан бітімнің күрт тоқтатылып, Орынбор әскери губернаторы Обручевтің Кенесарыға қатал ұсыныс етуіне тағы да бір қанды уақиға себеп болды. І.Ес. ~ Осындай жағдайда “Ойбай, көнбе! Аттан, көтеріл!” деп не санасыз, не арандатушы — қайткенде де өз халқына жау адам ғана ұран салуы мүмкін, “Онсыз да шығайын деп тұрған көз еді” дегендей, менің жаңа жұртым дүбір-дабырға толды да кетті. М.Мағ.
