Дұрыс жол, бағыт, сәтті сапар. ~ Екі көзден жас парлап, екі қолы қалтырап, еріндері дірілдеп, иегі кемсеңдеген Балқаш орнынан тұрғанда қайта жұмсарды. – Жолыңды Алла оңғарсын, оң жолына бастасын! Ғ.Біл. ~ Неге халықты оң жолдан тайдырғысы келеді? Олардікі қылмыс па? Қылмыс болғанда да, саяси мемлекеттік қылмыс. С.Ел. ~ Бел байлаған белімсің, Белгілі көк жал шерімсің. Еңкейтіп дұшпан жеңе алмас, Саған ешкім тура келе алмас. Айқасқан жауға кіргенде, Оң жолыңды төтелеп, Ауыздықтан алып, құлыным, Жүремін өзім жетелеп. “Манас”.
